Сабақ жоспары "АЛИЯ"
Автор: Айтишева Гульнар Газизовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-25
Материал туралы қысқаша түсінік
1.Шығыстың қос шынары Әлия туралы түсінік беру. С. Жиенбаевтың шығармасымен танысу . 2.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, оқу дағдыларын жетілдіру, танымдық қабілетін дамыту. 3. Патриоттық тәрбие беру: 4.Ұлы Отан Соғысының ардагерлерлерін құрметтеуге, батырлыққа, ерлікке тәрбиелеу.
| Сабақтың тақырыбы: | Саги Жиенбаев "Әлия" өлеңі | |
| Сабақтың мақсаты: | 1.Шығыстың қос шынары Әлия туралы түсінік беру. С. Жиенбаевтың шығармасымен танысу .2.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, оқу дағдыларын жетілдіру, танымдық қабілетін дамыту. 3. Патриоттық тәрбие беру: 4.Ұлы Отан Соғысының ардагерлерлерін құрметтеуге, батырлыққа, ерлікке тәрбиелеу. | |
| Қолданылатын әдістер | Зерттеушілік, ізденіс, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу | |
| Қолданылатын стратегиялар мен технология | сыни тұрғыдан ойлау технологиясы | |
| Ресурстар | Бейнефильмдер: "Жеңіскер Қазақстан:Әлия Молдағұлова" "Әлия", бейнебаян "Әлия" әні, слайдтар, смайликтер, бағалау парағы, үлестірмелі карточкалар. | |
| Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| 1,Ұйымдастыру (1 мин)Қызығушылығын ояту кезеңі | Психолгиялық тренинг. Ойға толы санамыз, бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, тату болсын арамыз. | Сабаққа әзірлік |
| 1.Білу деңгейі (1-3 мин.) | Естеріне түсіреді, әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді. | |
| 2. Түсіну деңгейі. (10 мин) Жаңа сабақ.-Мағынаны тану кезеңі | 1. Бейнефильмде қазақтың батыр қыздары жайлы айтылды. бірі-Мәншүк, екіншісі-кім жайлы?- Бұл бейнефильмды не үшін тамашаладық?Ендеше бүгін кім жайлы сабақта әңгіме қозғаймыз деп ойлайсыңдар?2. Әлия. өлеңінің мағынасын ашу.3. Сөздік жұмысын жүргізу.-Мәрмәр,даңқ, балғын қыз,балауса гүл, жанын қиып. 4.Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке. | Жауап береді (Әлия) Оқулықтан оқып береді Формативті бағалау |
| 3.Талдау ( 5-7 мин)-1- ші топ . -Өлең жолдарына сүйеніп Әлияні сипаттау.2- ші топ.-Әлияға бұл ескерткіш не үшін орнатылған?3- ші топ. Осы өлең жолдарымен автор не айтқысы келді? | 1. Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған? 2.Жанып түскен ақ жұлдыз дегенді қалай түсінесіңдер? 3.Роза Рымбаеваның орындауындағы "Әлия" әні- бейнебаян (3 мин)4. Сергіту сәті. | Сұрақтарға жауап береді. Әр топ өз тапсырмасын оқып орындайды, қорғайды. Тыңдайды, бейнероликті тамашалайды |
| 4.Қолдану (10 мин) | Мақал- мәтелдер:Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.Мергеннің қолы да мерген, көзі де мерген. Елін сүйген ер болар.Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.Қоянды қамыс өлтіреді, батырды намыс өлтіреді. | |
| 5. Жүйелеу, жинақтау, қорытындылау ( 3-5 мин) Рефлексия.Әр топқа келесі тапсырма: | Әр топқа тапсырма: Әлия сөзіне 5 жол өлең шығару.Кері байланыс ұсыну | Шығарған өлеңдерін оқиды.Оларды бағалау.Көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді. |
| 6. Критериалдық бағалау. (Бағалау парағындағы ұпай саны бойынша)Үй тапсырмасы (2мин) | Бағалау парағын жинау. 214 бет. Өлеңді жаттау. Эссе жазып келу. | Күнделікке жазады. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.