KZNEWS.KZ
Спорт

Рыбакина – US Open чемпионы! Елена әлемнің бірінші ракеткасы атанады

• Асқар Алтайұлы
Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина US Open турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды kznews.kz. Финалда ол беларусьтік Арина Соболенконы үш сетте жеңді – 6:4, 5:7, 6:2.

Бұл – Рыбакинаның биылғы екінші, ал карьерасындағы үшінші Grand Slam титулы. Қаңтар айында ол Australian Open жарысында топ жарған еді. Мельбурндегі финалда да Соболенконы үш сетте тізе бүктірген.

Қазақстан теннисшісі алғашқы Grand Slam титулын 2022 жылы Wimbledon турнирінде жеңіп алды. Енді оған «карьералық Grand Slam» жинау үшін Парижде өтетін Roland Garros жарысында жеңіске жету қажет.

US Open-дегі тарихи жеңістен кейін Рыбакина келесі аптада әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтеріледі. Ал 99 апта бойы көш бастаған Арина Соболенко екінші орынға түседі.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →