KZNews.kz
Шоу-бизнес

Рүстем Жүгінісов көпшіліктен кешірім сұрады

Ayzhan Sylanova

Бүгін әнші айтқан пікірін дұрыс жеткізе алмағанын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды.

«Қайырлы күн! Соңғы күндері тарап жатқан менің жазбаларыма байланысты түсініктеме бергім келеді. Бірінші сторисымда айтқанымдай, бұл жағдайда толықтай ер азаматтың жасағаны ҚАТЕ. Бұл-айқын. Дінімізде де «бір күндік неке» деген түсінік жоқ екенін нақты тағы айтқым келеді», — дейді ол.

Ал, екінші сториста, өкінішке қарай, өз ойымды дұрыс жеткізе алмағанын атап өтті.

«Ойлана келе, сол сәттегі эмоцияның әсерімен кей сөздерімде қаттылыққа жол беріп, ойымды дұрыс жеткізе алмағанымды түсіндім. Бұл менің тарапымнан кеткен үлкен қателік екенін мойындаймын. Біз зайырлы елде тұрамыз, әр адамның өз таңдауы бар. Ешкімді белгілі бір көзқарасты ұстан деп мәжбүрлеу ойымда болған емес. Мен әр адамның шешімін сыйлаймын және құрметтеймін! Негізінде бұл мәселені қозғағанда, ең алдымен қауіпсіздік жағын ойлаған едім. Ия, мен де қыз бағып отырған әкемін. Мен де қыздарымды уайымдаймын. Кеш бата көшеде түрлі қауіп төндіретін ер азаматтар, яғни мас күйдегі адамдар, есірткі әсеріндегі немесе психикалық жағдайы тұрақсыз азаматтар кездесуі мүмкін. Мен тек сол қауіптерден қорғаштап, қарындастарымды уайымдағандықтан, эмоциямен айтып қойдым. Ия, жеткізу формасынан қателік кеткені рас. Бірақ, менің ниетім ешқашан ару жандарды кінәлау болмаған», — деп ақталды әнші.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары