KZNews.kz
Саясат

Руслан Желдібай Тоқаевтың көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Торғын Абушахман

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа көмекшісін әрі баспасөз хатшысын тағайындады, деп жазады Kznews.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлаған Ақорда.

Сондай-ақ, Тоқаевтың Жарлығымен Қуанышбек Есекеев президенттің көмекшісі болып тағайындалды, ол да бұрынғы атқарған лауазымынан босады. Ал президенттің Протоколы қызметінің бастығы әрі президенттің кеңесшісі лауазымына Марат Әшім тағайындалды.

Торғын Абушахман
Автордың басқа материалдары