KZNews.kz
Құқық

Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны рас па? - бас прокуратура пікір білдірді

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталар алдында, журналистер Әсет Шындалиевтен осы аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме беруді өтінді.

- Кеше Жақсылықовтың өзі пікір білдірді емес пе? Бізде қандай да бір іс немесе басқа да шаралар жүргізілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ондай мәліметтер қолымда жоқ, - деді ол.
Еске салсақ, 8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен кеткен болатын. 

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →