KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Руслан Өтепбай бақташыға қатысты қуанышты жаңалығын айтты

• Қайсар Қанат
Фото-коллаж: kznews.kz

Белгілі журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ардақты ағайын, төрт күнге созылған Ақтөбе облысындағы іс сапарымды аяқтап, Рахат атамен қоштасып, Алматыға жол тарттым.

Қоштасар сәтте: «Алла қаласа, тойыңа міндетті түрде барамын. Бидің түбін түсіремін», – деп езуі жиылмай шығарып салды. Осындай ақжарқын әңгімеден кейін жолға көтеріңкі көңіл-күймен шықтық.

Бұл сапарда көп нәрсеге куә болдық. Талай құжатты қарап, екі тараптың да уәжін тыңдап, оқиғаның ақ-қарасын ажыратуға тырыстық", – деп жазды Руслан Өтепбай.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →