«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компания қызметкерлеріне өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол қауіпсіздік әрбір жұмыскердің негізгі құқығы екенін және жоспарды орындау немесе мерзімді сақтау үшін бұл бағытта ешқандай ымыраға жол берілмейтін басты басымдық екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті орта қалыптастыруда басшылыққа ерекше жауапкершілік жүктелетінін айтты.
Бұл үндеу компанияда өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.