"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындарды аралады

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындарды аралады
фото: Қазақмыс

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған өңіріндегі негізгі өндірістік кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды kznews.kz.

Шығыс Жезқазған кенішінде компания басшысы өндірістік үдерістердің барысымен, қазіргі көрсеткіштермен, сондай-ақ тау-кен техникасын пайдалану және қызмет көрсету тәртібімен танысты. Сонымен бірге жөндеу және сервистік жұмыстардың ұйымдастырылу деңгейі қарастырылды.

Сапар барысында еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Руслан Өскенәлінің айтуынша, жер асты кәсіпорындарындағы геомеханикалық жағдайды бақылау үшін цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу қажет. Мұндай тәсіл қауіпсіздік деңгейін арттырып, ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Жезқазған байыту фабрикасы мен Жезқазған мыс балқыту зауытында Басқарма төрағасы өндірістік цехтарды аралап, жабдықтардың техникалық жағдайын қарап шықты. Сондай-ақ олардың тозу деңгейіне баға берілді.

Сонымен қатар сапар барысында кәсіпорындардың болашақ дамуы, алдағы инвестициялық жоспарлар мен басым жобалар мәселесі талқыланды.

Бұл жолы еңбек ұжымдарымен кездесу ұйымдастырылған жоқ. Мұндай кездесулер кейінірек өткізіледі деп жоспарланып отыр. Компания басшылығы өндірістік алаңдарда қызметкерлермен тікелей байланыс орнатуды көздейді.

Өндірістік нысандарды аралау – компания басшылығының жүйелі жұмысының бір бөлігі. Мұндай сапарлар өндірістік үдерістерді жан-жақты түсінуге, негізгі міндеттерді нақтылауға және кәсіпорындардың алдағы даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Алдағы кезеңде өндірісті жаңғырту мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ауқымды жоспарларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан