KZNews.kz
Қоғам

Рудныйда көшелерді қазақшалауға қарсы шыққан әйел айыппұл арқалады

Азамат Қойшығара
Видеодан алынған кадр

Рудный қаласының тұрғыны көше атауларын қазақшалау мәселесіне арналған қоғамдық талқылау кезінде тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қоғамдық тыңдау барысында әйел адам регламентті бірнеше рет өрескел бұзып, бейәдеп сөздер айтып, дөрекі мінез көрсеткен.

Полицияның мәлімдеуінше, оның бұл әрекеті тыңдауға қатысушыларға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

Сот шешімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде — 78 640 теңге айыппұл салынды.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары