“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Роза Рымбаева: «Депутаттыққа үш рет ұсынылдым, бірақ бәрінен бас тарттым»

Роза Рымбаева: «Депутаттыққа үш рет ұсынылдым, бірақ бәрінен бас тарттым»
Фото: ашық дереккөз

Әнші өзінің депутаттыққа бірнеше рет ұсынылғанын, бірақ әр жолы бұл ұсынысты қабылдамағанын ашық жеткізді.

«Мен үш рет депутаттыққа ұсынылдым. Екі рет — “Нұр Отан” партиясынан, бір рет — “Бостандық” ауданының әкімдігі тарапынан. Бірақ мен үшеуінен де бас тарттым. Себебі мен саясаткер емеспін, заңгер емеспін. Менің өмірім өнермен байланысты», — деді Рымбаева.

Ол сонымен қатар кейбір әріптестерінің саясатқа атақ үшін барғанын сынға алды.

«Сен де көріп жүрсің ғой, депутат болып отырған әншілер мен актерлер бар. Олардың нақты қандай жұмыс атқарып, қоғамға не үлес қосқанын білмейміз. Менің ойымша, көбісі жай ғана мәртебе үшін барды», — деп түйіндеді өнер жұлдызы.

Роза Рымбаева сұхбат барысында өзінің басты миссиясы — өнер арқылы елдің рухын көтеру екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.