Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Роман Скляр: Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адам газбен қамтамасыз етіледі

Роман Скляр: Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адам газбен қамтамасыз етіледі

Бүгін де 12 млн-нан астам адам немесе Қазақстан халқының 60%-ы газға қол жеткізе алады. Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адам газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады.  

Биыл бөлінген қаражатқа 1,7 мың шақырымнан астам газ желілері салынып, жаңғыртылатын болады. Роман Скляр тамыз айында Премьер – министр "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысын бастағанын еске салды. "Ақтөбе – Қостанай" газ құбырларын және "Бейнеу – Бозой – Шымкент" екінші желісін іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ресурстық базаны кеңейту мақсатында өткен жылы Анабай, Шығыс Өріктау, Рожковское кен орындары пайдалануға берілді. 2025-2030 жылдары тағы жеті жобаны іске қосу жоспарланған. Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында төрт ГӨЗ салу тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Фото: ҚР премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары