Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Света Айтбаева ұлының болашақ жарына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, отбасы үшін ең маңыздысы – екі жастың бір-бірін түсініп, сыйластығы жарасқан жұп болуы. Сондай-ақ ол болашақ келінінің тәрбиелі, білімді, ақылды әрі адал болғанын қалайтынын жеткізді.
"Жақсы сөз – жарым ырыс" дейміз ғой. Көпшіліктің тілеуі. Біздің де күтіп жүрген сондай бір әдемі сәтіміз… Барша тілеулес болып жатқан жандарға рақметімді айтамын. Ең алдымен өзіне ұнайтын, бір-бірін түсінетін, тәрбиелі, білімді, ақылды, адал жар болса деп тілеймін", – деді Света Айтбаева.
Өнер иесі ұлының жеке өміріне қатысты нақты мерзім айтпағанымен, отбасының да Димаштың шаңырақ көтеретін күнін асыға күтетінін аңғартты.