Шоу-бизнес

Риддерде тұрғын үй өртеніп, 50 жастағы ер адам жапа шекті

Риддерде тұрғын үй өртеніп, 50 жастағы ер адам жапа шекті

Төтенше жағдай орын алған жерден 21 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 2 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратқа сүйенсек, бүгін таңға сағат 03.10-да өртке қарсы қызмет пультіне Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Әуезов көшесі бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен. Өрт екінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шығып, 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрт сөндірушілер 21 адамды, оның ішінде 1 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Сағат 04.03-те қызыл жалынның алды алынып, 04.29-да толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан күйік шалған 50 жастағы азамат ауруханаға жатқызылды. От тұтануының алдын ала себебі - шылым шегу барысындағы абайсыздық", - деді ресми өкіл.

Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz