Reuters: Ормуз бұғазы қайта жабылуы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Reuters: Ормуз бұғазы қайта жабылуы мүмкін

Reuters: Ормуз бұғазы қайта жабылуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Иран тарапы Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жабатынын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Мәлімдемеде бұл қадам АҚШ-тың келісім шарттарын орындамауы және Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі әскери әрекеттерін тоқтатпауымен байланысты екені айтылған-мыс. Яғни, Иранның "Хатам әл-Әнбия" орталық штабы таратқан мәліметте бұғазды жабу "алғашқы қадам" ретінде сипатталып, жағдай өзгермесе қосымша шаралар қабылданатыны ескертілген көрінеді.

Алайда, халықаралық ақпарат көздері бұл мәлімдеменің нақты іске асқаны жөнінде әзірге ресми растау дерегі жоқ екенін хабарлап отыр. АҚШ тарапынан да Ормуз бұғазының толық жабылғанын дәлелдейтін деректер тіркелмеген. Вашингтон өкілдері теңіз қатынасы әлі де жалғасып жатқанын атап өткен.

Сонымен қатар, Иран сыртқы істер министрлігі АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыру мақсатында делегацияның Швейцарияға жол тартқанын хабарлады. Бұл Тегеран мен Вашингтон арасында дипломатиялық арналардың толық үзілмегенін көрсетеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.