KZNews.kz
Жаңалықтар

Республика күні: Алматыда Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Ілияс Тұрсынхан
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Медеу» мұз айдынында өткен салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, танымал спортшылар, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтар қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Көк байрақты көтеру рәсімінде дәстүр бойынша әскери-оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран орындалды. Ту ілінген тұғырдың биіктігі 40 метрді, ал көлемі 7x14 метрді құрады.

Еске салсақ, Республика күні қарсаңында қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапат иелері елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар болды. Сонымен қатар, Республика сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Бүгін Алматыда әртүрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Республика сарайының алдында «Атамекен» атты патриоттық акция, Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі, экологиялық бастамалар және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, сағат 18:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік сәулеттік жарықпен безендіріледі.

Ілияс Тұрсынхан
Автордың басқа материалдары