Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде жүк көлігінен қазақстандық жігіттің денесі табылды

Ресейде жүк көлігінен қазақстандық жігіттің денесі табылды
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

574 0 0

Ер адам Қазақстаннан Санкт-Петербургке жүк тасымалдаған

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Санкт-Петербург полициясы қазақстандық жүргізуші қазасының мән-жайын анықтап жатыр. Ол жүк көлігі кабинасында асылған күйінде табылған.

"Невские новости" жергілікті порталы хабарлағандай, оқиға 9 желтоқсанда Фрунзе ауданында болды. Жүргізушінің денесі Mercedes-Benz Actros көлігінің төбесіндегі люкке байланған күртенің бауына асылулы тұрған.

Басылым хабарлағандай, 4 желтоқсанда ер адам Қазақстаннан Санкт-Петербургке пияз тасымалдапты.

Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі шаралар жүргізіліп жатыр. Өлім себебін анықтау үшін мәйітті сот-медициналық сараптамаға жіберді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлады. 

"Әуелі бұл адамның ресми азаматтығын анықтау керек. Азаматтығы расталған жағдайда біздің консулдар оның туыстарына тез арада қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді. Әзірше біз ақпаратты тексеріп жатырмыз", — деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары