«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей Украинаға салынған санкциялар ауқымын кеңейтті

Ресей Украинаға салынған санкциялар ауқымын кеңейтті

Ресей Украинаға салынған санкциялар ауқымын кеңейтті.

Желтоқсан айының 25-і күні Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Украина азаматтары мен компанияларына салынған санкциялар ауқымын кеңейтуге қатысты құжатқа қол қойды. Медведевтің сөзінше, бұл құжат Ресей мемлекетінің, компаниялары мен азаматтарының мүддесін қорғайды.

«Украинаның жеке және заңды тұлғаларына енгізілген санкциялар ауқымы кеңейтілді. Мен тиісті қаулыға қол қойдым» - деп мәлімдеді Медведев өзінің «Twitter» парақшасында.

Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Ресей азаматтары мен компанияларына қатысты санкциялардың ауқымын кеңейткен. Осы уақытқа дейін Украина Ресейдің 1748 жеке және 756 заңды тұлғасына санкция салған.

"The Qazaq Times"

Автор
Санжар