Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей Рақымжан Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға табыстады

Ресей Рақымжан Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға табыстады
7 мамыр күні Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл материалдар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың ерлігінің дәлелі. Олар 1945 жылы 30 сәуірде бірінші болып Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын тікті", - делінген елшілік хабарламасында.

Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.

"Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын тойлау бағдарламасының маңызды бөлігі", - деп қосты елшілікте.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары