KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады - Қазақстан жаңалықтары

• Нұрсұлтан

Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау саласын қадағалау федеральдық қызметі (Роспотребнадзор) жаңа коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазды.

"Ресейде COVID-19 індетінің алдын алу және бақылау үшін Роспотребнадзордың "Вектор" ДБ МҒО-да ең қысқа мерзімде алты түрлі технологиялық платформаларға негізделген вакцина прототиптері әзірленді", - делінген хабарламада.

Ведомствода мамандар тұмаудың кең қолданылатын рекомбинантты вирустық векторлары негізінде вакцина жасай алатынын нақтылады. 

"Қазіргі заманғы биологияда жаңа вакциналар жасағанда, сезімтал зертханалық жануарларға in vivo зерттеулерін жүргізу керек", - деп түсіндірді Роспотребнадзор.

Ведомствоның хабарлауынша, сынақ вакцинаның ең тиімді дозасын, еселігін және қолдану тәсілін анықтауға арналған.

Сонымен қатар, АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының бастығы Стивен Хан коронавирусқа қарсы вакцинаны тестілеу мерзімін атады.

"Бұл бірінші сатыдағы сынақ, біз осы вакцинаны мақұлдау үшін 12 ай қажет", - деді Хан.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус SARS-CoV-2 коронавирусіне қарсы вакцинаның алғашқы сынақтарының басталғандығы туралы мәлімдеді.


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →