KZNews.kz
Әлем

Ресейлік әнші Филипп Киркоровқа іздеу жарияланды

Айжан Сыланова
Фото: Александр Щербак/ ТАСС

Украинаның Қауіпсіздік қызметі ресейлік эстрада жұлдызы Филипп Киркоровты ресми түрде іздестіруге жариялады. Әншінің деректері арнайы іздеу тізіміне енгізілген, деп хабарлайды kznews.kz.

РИА Новости агенттігінің Украина билігінің құжаттарына сүйеніп жазуынша, Киркоровқа қатысты мәліметтер іздестіру базасына 30 қазан күні тіркелген. Алайда бұл ақпарат көпшілікке енді ғана белгілі болды.

Қазіргі таңда ресми органдар тарапынан іздестірудің нақты себептері жарияланған жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →