KZNEWS.KZ
Әлеумет

Ресейге жұмысқа барған қазақстандықтар соғыс аймағынан елге оралды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында азаматтардың елге оралуына көмектескен адамдарға алғыс айтты.

«Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әуелі Алла, одан соң, әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің осы іске атсалысқан әрбір өкіліне және осы балалардың елге аман-есен оралуына титтей де болса себепші болған барша азаматтарға ата-аналардың атынан және өз атымнан шын жүректен алғысымды білдіремін», – деп жазды ол.

Бұған дейін Украинадағы соғыс аймағына тап болған 13 қазақстандықтың елге оралуға дайындалып жатқаны хабарланған еді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →