Парақорлық көбейген: ҰҚК маусым айында 125 құқық бұзушылықты анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей қаласында Тоқаевтың әкесінің атына гүлзар берілмек

Ресей қаласында Тоқаевтың әкесінің атына гүлзар берілмек
ашық дереккөзден

Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың атындағы гүлзар пайда болуы мүмкін. Мұндай шешімді Омбы қалалық кеңесінің қала құрылысы, сәулет және жер пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті қолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Гүлзар Гагарин көшесіндегі соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдің маңында орналасқан. Дәл осы жерде Кемел Тоқаев 1945 жылы майданда алған ауыр жарақатынан кейін емделген.

Гүлзарға Кемел Тоқаевтың есімін беру бастамасын Омбы облысының өңірлік қазақ ұлттық-мәдени автономиясы көтерген.

Қала әкімшілігі Кемел Тоқаевтың соғыс кезінде автоматшылар бөлімшесінің командирі болғанын еске салды. Ол майданда аяғынан ауыр жараланып, Омбыдағы №1494 эвакуациялық госпиталіне жеткізілген. Дәрігерлер оның аяғын ампутациядан аман алып қалған.

Кейін осы госпитальдің орнында соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ашылды. Ал 2020 жылы ғимаратқа Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылған.

Гүлзарға Кемел Тоқаевтың есімін беру туралы түпкілікті шешімді Омбы қалалық кеңесінің депутаттары пленарлық отырыста қабылдайды.

Кемел Тоқаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақстандық жазушы және отандық детектив прозасының негізін қалаушылардың бірі. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер