KZNEWS.KZ
Әлем

“Ресей мен Қытай бізді қолдап отыр”: Иран СІМ маңызды мәлімдеме жасады

• Айжан Сыланова
Фото: AP Photo / Frank Franklin II

Аббас Аракчи АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери операциясы жағдайында Ресей мен Қытай Иранға саяси қолдау білдіріп отырғанын айтты. Бұл туралы ол NBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген, деп хабарлайды kznews.kz.

«Олар бізді саяси тұрғыдан қолдап отыр», – деді министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен бірге Аракчи Иранның басқа мемлекеттермен жүргізіп жатқан ынтымақтастығының нақты егжей-тегжейін ашудан бас тартты.

«Біз басқа мемлекеттермен жүргізіп жатқан ынтымақтастықтың барлық қырын жария етпеймін», – деді ол.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →