Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ресей Еуропамен соғысуға дайын": Путин шұғыл мәлімдеме жасап, елді дүрліктірді

"Ресей Еуропамен соғысуға дайын": Путин шұғыл мәлімдеме жасап, елді дүрліктірді
Contributor/Getty Images. Суретте: Владимир Путин

Ресей Еуропа елдерімен соғысуды жоспарлап отырған жоқ, алайда Еуропа тарапынан соғыс басталса, Мәскеу "қазір-ақ" жауап беруге дайын. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

2 желтоқсанда журналистерге берген сұхбатында Путин Еуропаның әрекеті АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуіне кедергі келтіріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Брюссель Мәскеу үшін қабылдауға келмейтін ұсыныстар жасап отыр, ал Еуропаның өзі келіссөз үстелінен шеттеп қалған.

Путиннің мәлімдемесіне сәйкес: "(Еуропада – ред.) Ресейге стратегиялық жеңіліс келтіру идеясын басшылыққа алып отыр. Олар әлі күнге дейін осы иллюзиялармен өмір сүріп келеді... Оларда Украина бойынша бейбіт бастама жоқ. Олар соғыс жағын қолдайды".

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер