Біздің Президент қандай адам?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Реніш болды”: Тұрсынбек Қабатовтың қызы алғаш рет әкесімен қарым-қатынасын ашып айтты

“Реніш болды”: Тұрсынбек Қабатовтың қызы алғаш рет әкесімен қарым-қатынасын ашып айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әкесімен арадағы қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Әдемі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, отбасындағы байланыс жайлы ашық айтты. Оның сөзінше, әкесімен арақатынасы жақсы әрі уақыт өте келе одан да нығая түскен.

«Мен тек өз атымнан айтамын: папаммен, Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Әр отбасында болатындай реніш пен түсініспеушілік болды. Бірақ менің әкем біреу ғана, сондықтан оны қандай болса да қабылдаймын. Ең бастысы – бізді жақсы көреді. Қазір қарым-қатынасымыз бұрынғыдан да жақсарды», – деді ол.

Сондай-ақ Әдемі бауырларының да әкесімен арасы жақсы екенін атап өтті. Айтуынша, олардың кейбірі көпшілікке жеке өмірі туралы ашық айта бермейді.

«Айбым, Айару, Нұриман мен Райымбектің де әкемен қарым-қатынасы жақсы. Тек олар тұйықтау, әркім өзі үшін сөйлейді», – деп жазды Тұрсынбекқызы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.