Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Рахат Тұрлыхановқа қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Рахат Тұрлыхановқа қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Тоқсаныншы жылдардың жұлдызы Рахат Тұрлыханов өзіне қатысты істі қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін жолдау туралы әкімшілік сот шешіміне шағым түсіруге тырысқан. Бұл туралы Медеу ауданының прокуратурасы Informburo.kz сайтының сұрауына берген жауабында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

16 наурыз күні ер адам отбасылық жанжалдан кейін полицияға жеткізілген. Экс-әртістің жұбайы бастапқыда Турлыханов өзін ұрды деп мәлімдеген, бірақ кейін бұл сөзін жоққа шығарған. Сот құқық бұзушылықты «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» атты әкімшілік бап бойынша қарады. Іс өндірісі тоқтатылып, жұбайының бастапқы мәлімдемесін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін материалдар прокуратура мен полиция департаментіне жолданды.

«Қаулыға шағым түсірілді, алайда апелляциялық саты оны өзгеріссіз қалдырды. Материалдар Медеу ауданының полиция басқармасына қылмыстық іс жүргізу тәртібімен процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралу сатысында», – делінген жауапта.

Сот кабинеті деректеріне сәйкес, сот қаулысына берілген апелляциялық шағым 27 наурыз күні қаралған.

Бұл  әншінің үшінші отбасылық жанжалы. 2023 жылдың қазан айында Турлыханов жұбайын ұрды деген күдікке ілінген, бірақ сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатқан. Екі айдан кейін ол қайтадан үйінде жанжал шығарып, әйеліне қол көтерген. Алғашында сот ескерту жасаумен шектелген, алайда прокурорлар бұл шешімге наразылық білдірген. Іс қайта қаралғаннан кейін бұрынғы әртіске 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.

Рахат Тұрлыханов  Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың жиені.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі