KZNews.kz
Құқық

Рақымшылыққа Шерзат ісіндегі бір сотталушы ілінуі мүмкін

Ayzhan Sylanova
Ulysmedia

Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеді.


- Шерзат Полат ісін бәріміз қарадық. Ол жерде адам өліміне әкеліп соққан іс болғандықтан рақымшылық актісі қолданылмайды. Қалай болған күннің өзінде адам өліміне алып келген бап болса, егер бұзақылық бабы болса да, адам өліміне әкеліп соқса, онда рақымшылық қолданылмайды. Ал қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты хабарламау) бойынша бойынша жазаланса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін, – дейді Құспан. 
 

Айта кетейік, әңгіме Шерзат ісінде сотталған кәмелетке толмаған Думан Ысқақ жайлы болып отыр. Ол қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) бойынша 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары