Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рамзан Қадыровтың ұлы Грозныйда жол апатына түсіп, ауруханаға жеткізілді – БАҚ

Рамзан Қадыровтың ұлы Грозныйда жол апатына түсіп, ауруханаға жеткізілді – БАҚ

Niyso телеграм-арнасы мен «Кавказ.Реалии» басылымының дерегінше, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыров Грозный қаласында жол апатына түсіп, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Адам Қадыров ес-түссіз күйде Грозныйдағы республикалық ауруханада жатыр, жағдайы ауыр деп бағалануда.

Niyso дерегіне сәйкес, оған реанимациялық көмек көрсетіліп, Мәскеуге тасымалдауға дайындық жүргізіліп жатыр. Алайда Шешенстан билігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөздер жол апаты кезінде кортеждің жоғары жылдамдықпен қозғалғанын, бірнеше көліктің соқтығысқанын хабарлайды. Апат салдарынан бірнеше адамның жарақат алғаны айтылады. Оқиғадан кейін Грозный қаласының кейбір көшелері уақытша жабылған.

Адам Қадыров — Рамзан Қадыровтың көпшілікке танымал ұлдарының бірі. 2023 жылдың қыркүйегінде Рамзан Қадыров әлеуметтік желіде оның тергеу изоляторында Никита Журавельді ұрып жатқан видеосын жариялаған еді. Осыдан кейін БАҚ мәліметінше, Адам Қадыровқа бірқатар марапаттар табысталып, Шешенстанда түрлі қызметтерге тағайындалған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.