Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рамазан айы, Ораза, Сәресіде (ауыз ашарда) қандай тағамдар жеген жөн?

Рамазан айы, Ораза, Сәресіде (ауыз ашарда) қандай тағамдар жеген жөн?
Ораза тұтқан адамның күні бойы шаршамай, оразаны қиналмай өткізуінде сәресінің алар орны ерекше. Әсіресе, жұмыс істеп, күндіз бір сәт тынығып ала алмайтын жандар үшін. Ендеше, сәресіде (аптап ыстықта шөлдетпейтіндей) күш-қуат беретін қандай тағамдар жеген дұрыс?

Ең алдымен мәзіріңізден ащы, тұзды, майлы, тым қою, қуырылған тағамдарды, кофе мен қою шайды, тәттілерді (торт, шоколад т.б. кондитерлік өнімдер), гамбургер, фаст-фуд, газдалған сусындарды алып тастаңыз. Себебі бұлар ағзаңызды әлсіретіп, тез шөлдетіп, қарныңызды тез аштырады.

Ал келесі аталғандар күш-қуат беріп, тез шөлдемеуіңізге көмектеседі:
– тары, талқан;
– балғын көкөністер мен жемістер;
– күріш
– сүт өнімдері
– қарақұмық
– макарондар
– сұлы жармасы
– ботқалар
– қызыл бадана (лобия)
– қансыз табиғи шырындар
– жасыл көкөністер
– бұршақ
Суды тамақтанып болған соң ішкен абзал. «Күндіз шөлдеп қалмайын» деп таңертең суды тым көп ішуге де болмайды, тамақты да асықпай, аз-аздан жеңіз, қарным ашып қалады деп қатты тойып алмаңыз.
Алла баршаңыздың оразаларыңызды қабыл етсін!

Автор
Санжар