Рахман Омардың әйелін өлтірді деп айыпталған күдікті өз шындығын айтты - новости Казахстана
30.11.2018
09:34
0
13

Алматыда Рахман Омаровтың бірінші әйелі Гүлдерайым Омарованың өліміне қатысты сот ісі жалғасуда. Кешегі отырыста сотталушы Ақтолқын Сүлейменова өз сөзін айтудан бас тартқан соң судья оның тергеу барысында берген түсініктемелерін оқытқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сүлейменованың оқиғаны қалай баяндағанын қорғаушысы Умаров оқып берді.
"Мен өзіме Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлімімен тағылған айыпты мойындамаймын. Себебі, адам өлтіремін деген ниетім болмады. Ол (Гүлдерайым) өзі "ауылдан келгендер, түк көрмегендер" деп бізді балағаттай бастады. Сосын шапалақпен салып қалды. Сосын мен де оны ұрдым. Пышақпен өзіме бірінші ұмтылды. Сосын пышақты тартып алып, мойнынан салып қалғаным есімде. Неше рет ұрғанымды білмеймін. Есімді жисам, ол жантәсілім етіпті.
Сол күні жас жігіт (Гүлдерайымның ұлы Досхан) келіп, анасын іздеп жүргенін айтты. Мен оған анасының мені бірінші ұрғанын түсіндіре бастап едім, ол жігіт менің өзіме атылды. Өзімді қорғауға тырыстым. Сосын әлгі жігіт балконнан анасының аяғын көріп қалды. Сосын мен өзім де үшінші қабаттан асылып, өлгім келді", - дейді Ақтолқынның сөздерін оқыған қорғаушы.
Бұл жолы судья сотталушының алдыңғы берген түсініктемелерін прокурорға оқытты.
"Мен жарты жыл бұрын өзімнің құрбыларымның қасына жалдамалы пәтерге көшіп келдім. Пәтерақысын өзара бөліп төлейтін болдық. Пәтер ақысын алуға ылғи пәтер иесі Гүлдерайым Омарова келетін. 25 маусымда таңертең қыздардың бәрі жұмысқа кеткенде, Ұлжан сырттан келді. Пәтерде екеуміз ғана болдық. Шамамен 15 минуттан соң Гүлдерайым келді.
Бір уақытта ол ас үйдегі сынып қалған орындықтарды желеу етіп, ұрыс шығарды. Сосын мен де жауап қайтарып, ұрсыса бастадым. Біз мұнда көшіп келгенде диван да сынық болғанын айттым. Аздан соң әжетханада отырғанымда гүрс еткен дыбыс естідім. Шыққан кезде жерде жатқан пәтер иесі мен оның қасында тұрған Ұлжанды көрдім", - деді түсініктемені оқыған прокурор.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ