Пашинян жеңісі: Тоқаев Армениямен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қызыма үндеме деген едім»: Германияда 30 рет пышақталған Айгүл Сайлыбаеваның анасы сөзіне өкінетінін айтты

«Қызыма үндеме деген едім»: Германияда 30 рет пышақталған Айгүл Сайлыбаеваның анасы сөзіне өкінетінін айтты
Фото: instagram.com/justice_for_aigul

Белгілі болғандай, марқұмның отбасында сол кездері түсініспеушіліктер мен жанжалдар жиі орын алып жүрген

Германияда қаза тапқан қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасы қызының отбасында қандай қиындықтар болып жатқанын толық білмегендерін айтады. Бұл туралы олар ресейлік журналист Ксения Собчакқа берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның анасының айтуынша, қызы тек бір рет енесімен арадағы келіспеушіліктер туралы айтып шағымданған.

«Айгүл бірде Наталья Николаевнаның өзіне үнемі тиісетінін айтқан еді. Дайындаған тамағы ұнамайды, үй жинағаны ұнамайды, баланы қалай тәрбиелейтіні ұнамайды, күйеуіне қалай қарайтыны ұнамайды деп шағымданды. Сонда мен оған: «Сабыр ет. Ол – күйеуіңнің анасы. Сыйла. Артық сөз айтпа. Ұнамаса, өзің білгеніңді үнсіз жаса» дедім. Біз қазақпыз ғой, үлкенді құрметтеуге тәрбиелендік. Мен оларға тек жақсылық тіледім. Егер бәрі осындай қайғылы жағдайға әкелетінін білгенімде, ондай кеңес бермес едім», – дейді марқұмның анасы.

Жақындарының айтуынша, қызы Жаклин дүниеге келгеннен кейін Айгүлдің отбасындағы жағдай өзгере бастаған. Осы кезеңнен бастап ерлі-зайыптылардың арасында жиі жанжал туындап, Александр жұбайымен болмашы нәрсеге бола ұрыса берген. Ал оның анасы ұлының жағын ұстап отырған.

Кейін белгілі болғандай, Айгүл жақын құрбысына күйеуінің  қол көтергенін де айтқан. Алайда ол бұл туралы ата-анасына айтпауды өтініпті.

Марқұмның анасы тағы бір күмән тудырған жайтты да еске алды. Оның айтуынша, 2024 жылдың сәуір айынан бастап қызы ата-анасымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесуді доғарған.

«Бұрын үнемі видеомен сөйлесетінбіз. Кейін тек аудиомен хабарласатын болды. «Видеоны қосшы» десек, әртүрлі сылтау айтатын. Ол кезде бұған мән бермедік. Қазір ойласақ, бұл да бір белгі болған сияқты», – дейді ол.

Еске салайық, қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваны 2024 жылдың маусым айында Германияда аса қатыгездікпен өлтіріп кеткен. Сараптама қорытындысына сәйкес, оны 30 рет пышақтаған. Қылмыс кезінде марқұмның құрсағында жеті айлық сәби болған. Іс бойынша басты күдіктілердің бірі ретінде оның енесі аталып келеді. Алайда арада екі жылға жуық уақыт өтсе де, іс толық аяқталып, кінәлілер жауапқа тартылған жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.