Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қызым бір құпияны біліп қойған": Германияда көз жұмған судьяның анасы өз шындығын айтты

"Қызым бір құпияны біліп қойған": Германияда көз жұмған судьяның анасы өз шындығын айтты
kznews.kz коллажы

2024 жылдың 3 маусымында хабарсыз кеткен Айгүл Сайлыбаева 16 маусым күні Германияда пластикалық қапшыққа салынған күйі өлі табылған еді. Марқұм экс-судьяның өліміне басты күдікті ретінде енесі Наталья Данцова танылып, ал күйеуіне қылмысты жасыру дерегі бойынша іс қозғалды. Алайда бүгінге дейін күдіктілер қамауға алынбаған. Кейін олардың Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жүргені анықталды. Әділдікке қол жеткізе алмай жүрген марқұмның анасы Шолпан Батқалова қызының өліміне қатысты жан түршігерлік деректерді жария етті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айгүл Сайлыбаева – "Болашақ" бағдарламасының түлегі, жоғары білім алып, елдегі құқық саласында қызмет еткен. Шетелде оқып жүрген кезінде ол Талдықорған қаласының тумасы Александр Данцовпен танысқан. Ер адам тұрмыс құруды ұсынғанымен, Айгүлдің ата-анасы оның шетел азаматы болуына байланысты бастапқыда бұл некеге қарсы болған.

Марқұмның анасының айтуынша, Айгүл жастайынан білімге құштар, сабырлы әрі ешкімге салмақ салмайтын қыз болып өскен. Сот саласында бірнеше жыл қызмет атқарған соң, шетелге оқуға кеткен. Отбасы оны тұрмыс құруға үндегенімен, Айгүл алдымен оқуын аяқтауды жөн көрген.

"Айгүл менің екінші қызым. Ол жастайынан білімді, сабырлы әрі ақылды болып өсті. Мінезі өте жұмсақ, ешқашан ата-анасына ауыртпалық салмайтын, өз мәселесін өзі шешуге тырысатын қыз еді. Сот саласында бірнеше жыл қызмет атқарған соң, шетелге оқуға түсті. Біз оған "оқуың жақсы, бірақ енді тұрмысқа шығатын уақыт болды" деп жиі айтып жүрдік. Ал Айгүл болса: "әуелі білімімді толықтай аяқтап алайын, содан кейін отбасы құрамын" деп жауап беретін. Осылай жүріп, 2016 жылы ол шетелде кітапханада Александр Данцовпен танысты. Біраз уақыт өткен соң бізге "тұрмысқа шығамын" деп айтты. Бірақ оның шетел азаматы болғанына байланысты алғашында қарсы болдық. Дегенмен 2019 жылы Айгүл тағы да сол өтінішін қайталап келді. Бұл жолы да Данцов екенін естігенде көңіліміз күпті болса да, қызымыздың бағы байланбасын деп амалсыз келісім бердік. Олардың Жаклин есімді қыздары бар. Қазір сол келісімді бергеніме қатты өкінемін", – дейді марқұмның анасы. 

Үйленгеннен кейін Айгүл мен Александр Германияға көшкен. Көп ұзамай күйеуінің анасы Наталья Данцова да олардың жанына барған. Шолпан Батқалованың сөзінше, қызы тұрмысқа шыққан соң енесі мен күйеуінен қысым көріп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Алайда бұл жайында ата-анасына тіс жармай, тек жақын құрбыларымен ғана бөліскен.

"Қызымды аса қатыгездікпен өлтірген. Оның денесі көл маңынан пластикалық қапшыққа салынған күйі табылды. Сараптама нәтижесі бойынша денесінде 30-дан астам пышақ жарақаты болғаны анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыскерлер денені бөлшектеуге әрекет жасаған, мойнынан бауыздаған, беті шашы мүлде жоқ. Қойды бауыздаған секілді, қызымды қорлаған. Айгүлдің денесі адам шошырлық жағдайда табылды. Қазіргі уақытта Германияда адам өлтіру фактісі бойынша енесі Наталья Данцоваға ғана қылмыстық іс қозғалған. Себебі оқиға орнында оның да қаны табылды. Сонымен қатар Айгүл жоғалып кеткен күні Наталья Германиядан кетіп қалғаны белгілі болды. Ал Айгүлдің күйеуі Александр Данцовтың интернеттен Германияның "адам өлтіру және қылмысты жасыру туралы" заңдарын іздегені анықталды. Осыған байланысты мен екеуі де қызымнан құтылудың амалын алдын ала ойластырған болуы мүмкін деп күдіктенемін", – дейді марқұмның анасы.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер