«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті

Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

112 құтқару қызметіне 1 қаңтарда сағат 2.01-де қала іргесінде орналасқан Табсөгет кентінде жаңажылдық шырша жанып жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

"Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 2.07-де оқшауланып, 2.08-де толық сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымның қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері анықталуда", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Автор
Нұрсұлтан