Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты

Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты

Қызылордада атыс болып, үшеуі қаза тауып, екеуі жараланды. Полицейлер бұл фактіге қатысты алты күдіктінің ұсталғанын, төртеуі іздеуде жүргенін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының хабарлауынша, оқиға орнын және күдіктілердің тұрғылықты жерін тексеру барысында айғақты зат ретінде бес қару, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелдінің сөзінше, барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, зардап шеккен тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

«Аталған қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша сегіз қылмыстық іс тіркелді: екі адам өлтіру, екеуі бұзақылық, үш қару-жарақ және бір есірткінің заңсыз айналымы. Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергелуде», - деді Байжан Байгелді.

Еске салайық, 7 мамыр күні кешке Қызылордада азық-түлік дүкенінің жанында атыс болып, салдарынан 1996 және 1993 жылы туған үш ер адам қаза тауып, 1975 және 1999 жылы туған екі азамат жарақат алған болатын.

(Фото nege.kz)

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары