Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облысында 2 спорт кешені ашылды

Қызылорда облысында 2 спорт кешені ашылды

Гигант ауылдық округінде пайдалануға берілген "Бастау" жастар сауықтыру кешенінде жүзу бассейндері мен массаж бөлімі бар.

Жаңа спорттық-сауықтыру кешендері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жаңақорған және Шиелі аудандарында салынды, Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды.

Сүттіқұдық ауылдық округіндегі спорттық нысан 150 орынға лайықталған. Мұнда еркін күрес, бокс, гандбол, тоғызқұмалақтан жаттығулар өткізіледі. Жаңа спорт кешенінде 13 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Гигант ауылдық округінде пайдалануға берілген "Бастау" жастар сауықтыру кешенінде жүзу бассейндері мен массаж бөлімі бар.

Нысандардың ашылу салтанатында ауыл тұрғындарын бұл қуанышты жәйтпен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады.

Айта кетейік, екі жыл ішінде аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылды, оның 9 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында, 7 облыстық бюджет есебінен салынды.

Бүгінде облыста МЖӘ аясында құны 34 млрд. теңге болатын 75 жоба жүзеге асырылуда. Олар денсаулық сақтау, спорт, білім беру, цифрландыру және тұрғынүй коммуналдық кешенін жаңғырту салаларын қамтиды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Автор
Санжар