Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қытай ұлтының қайта жаңғыруын тоқтату мүмкін емес": Бейжіңде ел тарихындағы ең үлкен әскери парад өтті

"Қытай ұлтының қайта жаңғыруын тоқтату мүмкін емес": Бейжіңде ел тарихындағы ең үлкен әскери парад өтті

Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Жапонияның тізе бүккеніне және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған парад ұйымдастырылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин парадты Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің оң жағында отырып тамашаласа, сол жағында екінші басты қонақ Корей халық демократиялық республикасы жетекшісі Ким Чен Ын отырды. Парадта жаңа қару-жарақ түрлері көрсетілді.

Пекиндегі тікелей эфирде парад басталар алдында Путин, Ким және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бірге мінберге шыққаны, артынан өзге ел басшылары ергені байқалды. Жалпы парадқа 26-дан астам мемлекет басшысы қатысты.

"Адамзат тағы да бейбітшілік пен соғыс, диалог пен текетірес, өзара тиімді нәтижелер мен нөлдік қосынды ойыны арасындағы таңдаудың алдында тұр", – деді өз сөзінде Қытай көшбасшысы.

Оның айтуынша, "қытай ұлтының қайта жаңғыруын тоқтату мүмкін емес", ал әлем елдері "соғыстың түпкі себептерін жойып, тарихи қасіреттердің қайталануына жол бермеуге тиіс".

"Жалпы қауіпсіздік тек әлем елдері бір-біріне тең дәрежеде қарап, үйлесімде өмір сүріп, бір-бірін қолдағанда ғана қамтамасыз етіледі", – деді ол әскер шеруін бастамас бұрын.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты көру үшін Тяньаньмэньге барғанын жазған едік. Қытайдың Халық-азаттық армиясының 45 легі, яғни 10 мыңнан астам әскери қызметкері әскери парадқа қатысатыны туралы хабарланды. Сондай-ақ шеру барысында алғаш рет бірқатар жаңа қару-жарақ жүйелері көрсетілді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.