Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай Тайванды басып алуы мүмкін

Қытай Тайванды басып алуы мүмкін

Бұл туралы тарихшы, жазушы және аудармашы Тұрсынхан Зәкенұлы өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

«Тайвань қорғаныс министрінің мәлімдеуінше (01/09) аралға Қытайдың әскери қаупі күшейе түскен. ҚХР азаттық армиясы аралдың қорғаныс шеңберіндегі интернет және радиолокациялық жүйесін бүлдіруге әрекет етіп жатқан көрінеді. «Бұл аралға басып кірудің дайындығы ма» деген де қауіп бар. Екі жылдан бері жиілеп кеткен әуеден қыркөрсетулер аралдың үрейін алып бітті.

Жақында Жапония мен Тайванның билік басындағы партияларының өзара кездесуі болды. Ондағы басты тақырып ортақ қорғаныс мәселесі болды. АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы бас елшісі Kelly Craft 31 тамызда «АҚШ Тайваньды Ауғанстан секілді тастап қоймайды, егер олай етсе АҚШ оңбай ұтылады» деді.

Тамыздың 26 күні АҚШ-тың бастамасымен Үндістан, АҚШ, Австралия, Жапония елдерінің Гуам аралдарының теңіз айлағында өткізген әскери жаттығуы да Қытай қаупіне бағытталған болатын», – деп жазды ол.

Автор
Данияр