Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайда Димаштың суреті салынған фонтан пайда болды

Қытайда Димаштың суреті салынған фонтан пайда болды

Кейбір желі қолданушылары Димаштың суреті салынған фонтанды ұнатпай, алып тастауды талап етіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Қытайда Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген ерекше фонтан пайда болды. Авторлардың идеясы бойынша танымал әртістің аузынан су шашырап тұр.

Димаш қытайлардың бұл туындысына әзілмен қарап, Instagram желісінде видеосын жариялаған.

"Қытайда біртүрлі фонтандар пайда болды", - деп жазды ол.

Бұл фонтанның түпнұсқасы жарнама ретінде Чанша қаласында орнатылған, деп мәлімет берді желі қолданушылары. Кадрларға қарағанда, экрандағы адамдардың суреті ауысып тұрады екен. Су біреудің иегінен атқыласа, екінші бірінің мұрнынан шашырайды.

"Димаш! Шынымен, біртүрлі фонтан екен. Оны жасаған адам соңғы нөсер жауын астындағы концертіңнен шабыт алса керек", - деп жазды қолданушылардың бірі.

"Фонтан деуге де келмейді. Тұрпайы көрінеді екен", - деп пікір білдірді тағы бірі.

Тағы оқыңыз: Димаш болашақ жарының бойынан табылуы тиіс қасиеттерді тізіп берді - видео


sputniknews.kz
Автор
Әлихан