«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай елшісі келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қытай елшісі келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады
09 Желтоқсан 2018, 16:58 353 0

Фото: Елшіліктің баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қазақстан халқын алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Елші Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, Қазақстанның аймақтағы беделінің жоғары екенін айта кетті.

«Қазақстан халқын зор ықыласпен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қазақстан халқы - өте мейірімді, қонақжай және еңбекқор халық және 27 жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен түрлі қиындықты артқа қалдырып, түрлі жетістікке жетті. Ол ел құрылысында, тәуелсіздікті сақтау, ел экономикасын модернизациялауда өте ақылды саясат жүргізді. Соның арқасында Қазақстан аймақта көшбасшы болып тұр және Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық аренадағы беделі мен мерейі үстем. Бүгінде Қазақстанның рөлі аймақтағы барлық елдің алдында жоғары бағаланады. Сондықтан Қазақстан халқының 27 жыл ішіндегі жетістігіне тәнтімін. Ал алдағы уақытта Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуда және өзінің халықаралық имиджін арттыруда үлкен белестерді бағындырады деп сенеміз. Біз тек бұл үшін қуаныштымыз», - деді Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар