Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай БҚО-да киік етін қайта өңдейтін зауыт салып жатыр

Қытай БҚО-да киік етін қайта өңдейтін зауыт салып жатыр
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қытайдың Chengtian Runkang Pharmaceutical компаниясы Батыс Қазақстан облысында киік етін қайта өңдеу зауытын салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания медицина және биотехнология саласы бойынша маманданған, деп хабарлайды kznews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірге инвестиция тарту мақсатында Чехия, Ресей, Иран, Қытай және Оңтүстік Кореяға іссапармен барып, бірқатар әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізгенін айтты.

Сол келіссөздер нәтижесінде келісімге қол жеткізілген жобалардың бірі – киік етін қайта өңдейтін ет комбинаты. Оны қытайлық Chengtian Runkang Pharmaceutical компаниясы салып жатыр. Жобаға 4 млрд теңге инвестиция салынып, 200 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Cheng Tian Run Kang Medical Limited компаниясы биотехнологияларды дамыту, денсаулық сақтау жүйесіне жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ биологиялық ресурстарды қайта өңдеу бағытында жұмыс істейді. Компанияның профилін ескерсек, зауыт өнімдері медициналық мақсатта қолданылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, ирандық Persist Kazakh K&K компаниясы «Пуш Руно» былғары зауытын қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Бұл жобаға 1 млрд теңге инвестиция салынбақ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі