Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еліміздің Батыс аймағына Қытай жаңа зауыт салмақ

Еліміздің Батыс аймағына Қытай жаңа зауыт салмақ
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында Қытай компаниясының қатысуымен ауқымды металлургиялық жоба іске асырылмақ. Жергілікті биліктің мәліметінше, өңірде толық циклді металлургиялық өндіріс базасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Жобаның жалпы құны 83,3 млрд теңгеге бағаланып, кәсіпорын жылына 1 миллион тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы болады.

Болашақ зауытта арматура, бұрышты профильдер, швеллер, қосутавр арқалықтары және сым өнімдері шығарылып, олар ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталады. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда шамамен 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қазіргі таңда инвесторға жер телімін бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба үшін Ақтөбе қаласы аумағынан 50 гектар жер учаскесі ұсынылған. Егер жер ресми түрде бекітілсе, құрылыс жұмыстары басталып, нысан шамамен екі жыл ішінде пайдалануға берілуі мүмкін.

Айта кетейік, Қытай капиталы Қазақстанның өзге өңірлеріне де тартылып жатыр. Бұған дейін Түркістан облысында қытайлық инвестордың қатысуымен индустриялық парк салу жоспарланғаны хабарланған болатын. Бұл жоба Мақтаарал ауданындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында жүзеге аспақ. Мұндай бастамалар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.