Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстан тауларында қалған ресейлік альпинистке қатысты тың ақпарат шықты

Қырғызстан тауларында қалған ресейлік альпинистке қатысты тың ақпарат шықты

Осыған дейін Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қалған альпинистің қаза тапқаны хабарланған

Ресейлік альпинист Наталья Наговицина 23 тамызда Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қайтыс болғаны белгілі болды. Ол сапар алдында кез келген төтенше жағдай үшін турфирманы жауапкершіліктен босататын қолхатқа қол қойған. Бұл туралы Kznews.kz агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқару операциялары қайғылы оқиғаларға ұласты

12 тамыздан бері Наговицина сынған аяғымен биіктікте шатырда қалған. Бірнеше мәрте құтқару әрекеті жасалды, бірақ олардың бірі тікұшақтың қатты қонуына, екіншісі италиялық альпинистің өліміне әкелді. Қазіргі таңда қолайсыз ауа райына байланысты құтқару жұмысы тоқтатылды.

Турфирманың жауапкершілігі мен шығындары

Құжатқа сәйкес, альпинист барлық тәуекелдерді алдын ала білген және компанияға ешқандай талап қоя алмайтынын растаған. Соған қарамастан, турфирма құтқару жұмыстарына өз қаржысын жұмсады. Италиялық мамандарды шақыруға, ұшақ билеттеріне және басқа шығындарға шамамен 1,6 млн рубль кеткен.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.