Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғыз композиторы Назарбаевтың шыққан тегі туралы тосын пікір айтты

Қырғыз композиторы Назарбаевтың шыққан тегі туралы тосын пікір айтты
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Piroschka Van De Wouw / Reuters

Қырғызстандық композитор Құрманғазы Азықбаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол Назарбаевтың анасы кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққанын, кейін отбасының Қазақстанға қоныс аударғанын айтты. Осыған сүйене отырып, композитор бұрынғы президенттің қырғыз халқымен байланысы бар деген болжамын ортаға салған.

"Нұрсұлтан Назарбаев – қырғыз. Оның шешесі кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан. Ол кезде жайлауымыз бір болған. Кейін әке-шешесі қазақ жағына кеткен. Бұл сөзіме Назарбаевтың домбыра шертуін дәлел деуге болады. Бұл құпияларды бұған дейін жасырып, ешкімге айтпай жүрдім", – деді Азықбаев.

Композитор өз пікіріне дәлел ретінде Назарбаевтың домбыра тартатынын, "Тұмарым" әніне және қырғыздың көне ән-жырларына қызығушылық танытқанын да атаған.

Сонымен қатар Құрманғазы Азықбаев Германияда жүрген кезінде Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы болғанын да мәлімдеген.

Айта кетейік, композитордың Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты айтқан бұл пікірі оның жеке мәлімдемесі ретінде айтылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер