ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қымбаттайды...": "АлматыЭнергоСбыт" тарифті тағы да көтермекші

"Қымбаттайды...": "АлматыЭнергоСбыт" тарифті тағы да көтермекші
Фото: ашық дереккөздерден

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін.

Аймақты қуат көзімен қамтитын "АлматыЭнергоСбыт" компаниясы тарифті қазіргі 36,33 теңгеден 39,36 теңгеге дейін арттыруды көздеп, монополияға қарсы органға өтініш берген.

Егер ұсыныс мақұлданса, жаңа тариф 20 тамыздан бастап күшіне енуі мүмкін. Яғни, электр қуаты үшін тарифтің 8,3 пайызға немесе 3,03 теңгеге өсуі күтілуде. Бұл бағаның бәрі қосымша құн салығынсыз көрсетілген.

Айтпақшы, бұған дейін электр энергиясының тарифі 5 маусымда ғана көтерілген болатын. Ал монополист компания тарифті қайта қарауға электр энергиясын сатып алу бағасының өсуін себеп ретінде келтіріп отыр екен. Атап айтқанда, 15 - шілдеден бастап сатып алу құны бір киловатт-сағатқа 13 теңгеден 16 теңгеге дейін өскен. Бұл шамамен 23 пайыздық өсім.

Қалай болғанда да электр энергиясының жаңа тарифі бойынша түпкілікті шешімді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті қабылдайтын болады.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.