Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасыға қатысты іздеу жұмыстары әлі тоқтаған жоқ. Қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызған бұл оқиға бойынша нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға байланысты пікір білдіріп, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, оқырмандар ең алдымен "Атырауда жоғалған отбасыдан хабар бар ма? Күйеу бала қайда?" деп жиі сұрайды.
"Халықтың күні-түні қоятын сауалы – осы. Бірақ әзірге үнсіздік. Кеше туыстарымен сөйлестім. Олар да ештеңе білмейді. "Құзырлы органдардан ресми ақпарат күтіп отырмыз. Қазір бәрі тыныш" дейді. Әріптесім Руслан Өтепбай арнайы келіп кетті. Өздеріңіз білесіздер. Енді сол кісінің зерттеу материалдарынан қандай да бір жаңа дерек шыға ма деп күтіп отырмыз. Қазірше бізде басқа мәлімет жоқ", – деді журналист.
Қазіргі уақытта тергеу мен іздестіру шаралары жалғасуда.