Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтайдың алғашқы сессиясы барысында 145 депутатты ант қабылдауға шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Депутаттар белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан халқына адал қызмет етуге және елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға уәде берді. Сондай-ақ олар Ата заң мен қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтап, халық қалаулысы ретінде жүктелген міндеттерін жауапкершілікпен орындауға ант етті.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді депутаттар.
Осылайша, жаңа шақырылым депутаттары өз өкілеттігін ресми түрде бастап, ел алдындағы міндеттерін орындауға кірісті.