KZNEWS.KZ
Қоғам

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Құрылтайының  алғашқы сессиясы 28 тамыз күні Астанада өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақпарат мемлекет басшысының “Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы” Жарлығында айтылған. Құжатқа сәйкес, Құрылтайдың алғашқы сессиясы 2026 жылы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылады.

Жарлық Конституцияның 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған. Құжатта Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың үлесін жариялаған еді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →