Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды.
Жаңа Конституция бойынша сайланатын Құрылтай енді елдің заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жаңа бір палаталы Парламентке айналады. Яғни, жаңа заң шығарушы орган мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға және заң шығару процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған саяси шешімнің жемісі болып отыр.
Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың тізімін бекітті.
ОСК шешімімен сайлау науқанына жеті партия жіберіледі. Атап айтқанда, "Әділет" партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), "Байтақ" жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясы және Respublica партиясы сайлау науқанына қатысуға ниет білдіріп, өтініш берген көрінеді.
Яғни, осы 7 партия алдағы сайлауға қатысып, жаңа парламенттік құрамды қалыптастыруға таласпақ. Жақын күндері дайындық науқаны ресми басталып, саяси партиялар өздерінің бағдарламаларын ұсына бастайды. Одан кейін үгіт-насихат науқаны есік ашпақ.