KZNEWS.KZ
Саясат

Құрылтай сайлауы басталды

Фото: election.gov.kz

Бүгін, 23 - тамызда, қазақстандықтар елдің заң шығарушы билігінің жаңа моделін қалыптастыру үшін дауыс беріп жатыр.

Бұл – Мәжіліс пен Сенаттың орнына құрылатын бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген. Қазақстан бойынша 10 363 сайлау учаскесі сағат 07:00-де жұмысын бастады. Сонымен қатар 61 мемлекетте 79 шетелдік учаске жұмыс істейді.

Құрылтайдағы 145 депутаттық мандатқа жеті саяси партиядан 545 кандидат таласып отыр.

Дауыс беру учаскелері негізінен 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сайлау қорытындысы заң бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннен кешіктірілмей жариялануы тиіс.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →