"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Құрмет” орденін алған Бекболат Тілеуханның күйеу баласының соты өтті

“Құрмет” орденін алған Бекболат Тілеуханның күйеу баласының соты өтті
Фото: ашық дереккөз

Өскеменде бұрынғы қала әкімі, Бекболат Тілеуханның күйеу баласы Жақсылық Омарға қатысты іс бойынша ашық сот отырысы өтіп, тергеу кезеңі аяқталды. Тараптар сотта өз уәждерін ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Прокурор айыпталушыны мүлкін тәркілей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ оны «Құрмет» орденінен айыру ұсынылды.

Ал қорғаушы тарап жазаны жеңілдетуді талап етті. Адвокаттар оның кінәсін мойындап, өкінгенін, сондай-ақ ұзақ жыл мемлекеттік қызметте еңбек еткенін алға тартты. Сонымен қатар, бас бостандығынан айырудың орнына 700 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу ұсынылды. Отбасылық жағдайы, яғни жеті баласы бар екені де ескеруді сұралды.

Сотталушы соңғы сөзінде жасаған ісіне өкініш білдіріп, өзін түрмеге қамаудан босатуды өтінді. Қазіргі таңда сот шешімі күтілуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.